Түркістанда шағын футболдан отбасылық командалар арасындағы XXV республикалық жарыс басталды. «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты дәстүрлі додаға биыл еліміздің әр өңірінен 32 команда жиналды. Төрт жүзге жуық ойыншы жүлделі орындарды сарапқа салуда.
Түркістанда Woosong University Kazakhstan-ның бірінші курс студенттерін қабылдау салтанаты өтті. Жаңа оқу жылын бастаған жастар үшін ұйымдастырылған шараға Қазақстан мен Корея елдерінің өкілдері, оқу орнының басшылығы және студенттер қатысты.
Түркістанда теміржол жолаушыларының қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ақпараттық-профилактикалық акция өтті. «Адал жол. Темірдей тәртіп. Қауіпсіз сапар» бастамасы аясында тұрғындарға интернет-алаяқтық пен дропперліктің қауіп-қатері түсіндірілді. Шараны Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мен Экономикалық тергеу қызметінің еріктілері ұйымдастырды.
Түркістанда типография саласында жылдар бойы тәжірибе жинақтаған кәсіпорын жұмыс істейді. «ART–BASMA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылдан бері баспа өнімдерін шығарып келеді. Бүгінде кәсіпорын өндіріс бағытын кеңейтіп, тапсырыс берушілерге түрлі форматтағы өнім ұсынуда.
Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Түркістан облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті. Екі күнге созылған шарада өңірден келген 50 креатор өз өнімдері мен шығармашылық жобаларын елорда жұртшылығына ұсынды. Жәрмеңкеге 5 мыңнан астам адам келіп, түркістандық кәсіпкерлер жалпы құны 21 млн теңгенің өнімін саудалады.
Бүгін еліміздің барлық білім ордасында Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте де жаңа оқу жылы ерекше көңіл-күймен басталды. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар ұстаздарымен қайта қауышты.
Білім күні — жаңа оқу жылына бастайтын ғана емес, жаңа мақсаттарға жол ашатын ерекше күн. Ал бүгін Қазыбек би атындағы №14 мектеп ұжымы мен оқушылары үшін мерекенің мәні айрықша. Себебі мектеп жаңа оқу жылын жаңарған ғимаратта қарсы алып отыр.
Түркістанда спорт саласына тағы бір маңызды нысан қосылды. Бүгін ресми түрде есігін айқара ашқан Бекзат Саттарханов атындағы футбол мектеп-интернаты енді жасөспірімдердің футболмен кәсіби түрде айналысып, сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Мұнда спортшылардың оқуынан бастап, жаттығуы мен тұрмысына дейін барлық жағдай қарастырылған.
Түркістан облысында жыл басынан бері төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарына 374 рет шығып, 132 адамды құтқарған. Сонымен қатар, төтенше жағдай аймағынан 23 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Түркістан облысының дерматовенерологиялық қызметінің тарихы бір ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мерейлі датаға орай Түркістан қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Басқосуда отандық және шетелдік мамандар саладағы жетістіктер мен алдағы міндеттерді ортаға салды.