Түркістандағы «Достық үйінде» этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен қоғам қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге облыстық, аудандық және қалалық бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері қатысты. Басқосуда құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және этносаралық татулықты нығайту бағыттары сөз болды.
Түркістан облысында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны басталды. Бұл туралы бүгінгі өткен брифингте жоба аясындағы міндеттер мен өңірде атқарылатын жұмыстар таныстырылды. Басты мақсат – кітап оқуды бір реттік науқан емес, қоғамның күнделікті мәдениетіне айналдыру.
Түркістан облысында суға шомылу маусымы қорытындыланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. Жиында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және балалар арасындағы қайғылы оқиғаларды болдырмау бағытында атқарылған жұмыстар баяндалды
Білім күнінде Түркістан облысында 9 жаңа мектеп пен қосымша ғимараттар пайдалануға берілді. Солардың бірі – Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылында бой көтерген 300 орындық білім ұясы. Заманауи мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Жергілікті салықтарды дұрыс есептеп, белгіленген мерзімде төлеу — әр салық төлеушінің міндеті. Осыған байланысты Түркістан қаласында жергілікті салықты әкімшілендіру, есептеу және төлеу тәртібіне арналған брифинг өтті. Жиында салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланып, салық төлеушілерге қажетті түсіндірмелер берілді.
Түркістанда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ордасы оқушыларға есігін айқара ашты. Солардың бірі – №34 жалпы білім беретін мектеп. 1200 оқушыға шақталған білім ұясында бүгінде 1180-ге жуық бала білім алып, 120 педагог пен маман еңбек етеді. Біз мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушыларға жасалған мүмкіндіктерге шолу жасадық.
Түркістандағы №34 «Келешек» мектебінде оқушылардың білім алуымен қатар, ұлттық өнерді бойына сіңіруіне де ерекше көңіл бөлінген. Соның бір дәлелі – мектеп қабырғасында арнайы жұмыс істейтін домбыра үйірмесі. Мұнда жас өрендер қасиетті қара домбыраның қыр-сырын меңгеріп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып келеді.
Түркістанда әуесқой футболшылардың басын қосқан спорттық маусым аяқталды. Көктем-жаз айларында өткен бәсекеде командалар бірнеше лига бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Маусым қорытындысы бойынша үздіктерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Түркістанда әуесқой футболшылардың басын қосқан спорттық маусым аяқталды. Көктем-жаз айларында өткен бәсекеде командалар бірнеше лига бойынша бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Маусым қорытындысы бойынша үздіктерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
Баланың балабақшадағы бір күні біз ойлағаннан әлдеқайда қызық. Таңғы қарсы алудан бастап, түскі ас пен тынығуға дейінгі уақыттың әр сәті белгілі бір тәртіппен өтеді. Түркістандағы «Шолпан» балабақшасында да бүлдіршіндердің күнделікті тіршілігі осындай қалыпқа құрылған.