Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылыс барысын тексерді. Бұл – шекарадағы өткізу мүмкіндігін арттыратын маңызды инфрақұрылымдық жоба.
Түркістан киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық прокурорлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптастыру алаңына айналды. Мұнда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы өтті. Жиында цифрлық технологиялар мен криптовалюта арқылы жасалатын есірткі қылмыстарына қарсы бірлескен шаралар талқыланды.
Отырар төрінде мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына және филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ тілін зерттеуші Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған «Руханият пен тіл: Өзбекәлі Жәнібек және Өмірзақ Айтбаев тағылымы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. Тағылымды жиынға ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер саласының мамандары, қаламгерлер, ұстаздар мен жастар қатысты. Басқосудың негізгі мақсаты – қос тұлғаның ел тарихы мен руханиятындағы айрықша орнын дәріптеу, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды кеңінен таныту.
Сарыағаш ауданында жаңғыртылған теміржол вокзалы жолаушыларға есігін айқара ашты. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысында инфекциялық ауруларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін жаңа вирусологиялық зертхана іске қосылды. Нысан Қазақстан Үкіметінің Пандемиялық қордың елдік жобасы аясында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен салынған. Заманауи зертхананың іске қосылуы өңірдегі эпидемиологиялық бақылаудың тиімділігін арттырып, биологиялық үлгілерді зерттеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Отбасы – бала тәрбиесі қалыптасатын алғашқы орта, ал берекелі шаңырақ – берік қоғамның негізі. Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Отбасым – мақтанышым» атты тағылымды кездесу өтті. Отбасы күніне орай ұйымдастырылған шарада өнегелі отбасылардың тәжірибесі насихатталып, ұрпақ тәрбиесі мен шаңырақ құндылығы сөз болды.
Қазыбек би атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектебі биыл жаңа ғимаратқа көшті. Заманауи білім ордасында оқушылардың сапалы білім алуына ғана емес, қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына да басымдық берілген. Біз бүгін мектептегі оқу процесімен танысып, мұғалімдердің жұмысын көріп, оқушыларға жасалған мүмкіндіктерді бағамдап қайттық.
Қазір технология дәуірінде баланың қызығушылығын ерте жастан дамыту – маңызды міндет. №33 «Келешек» мектебінде бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінеді. Мұнда оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілетін шыңдайтын робототехника және STEM үйірмесі жұмыс істейді.
Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде қаралып, жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді өніммен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында мәдениет саласын дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Өңірде 2026-2029 жылдарға арналған арнайы жол картасы әзірленіп, мәдениет нысандарын жаңғырту, балаларды шығармашылық үйірмелерге тарту, кітапханалардың мүмкіндігін арттыру және креативті индустрияны дамыту бағыттары айқындалған. Бүгінде бұл жұмыстардың нәтижесі халықаралық деңгейде де көрініс тауып отыр. Түркістандық театр ұжымдары шетелдік фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.