Жасөспірімнің ішкі күйін дер кезінде байқап, оған дұрыс бағыт көрсету – бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі. Себебі бала бойындағы кез келген өзгерістің артында назар аударуды қажет ететін себеп болуы мүмкін. Төлеби ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 жалпы білім беретін мектепте де осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарға басымдық берілген. Біз мұнда мамандармен тілдесіп, оқушылар арасында суицидтің алдын алуға бағытталған қандай
Ұлттық мәдениет пен руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына биыл 95 жыл. Осыған орай Түркістанда қайраткердің ғылыми және шығармашылық мұрасын зерделеуге арналған тағылымды жиын өтті.
Бала үшін мектеп – білім алып қана қоймай, өз қабілетін танытып, жаңа дүниелерді үйренетін маңызды орта. Осы ретте «Келешек мектебі» жобасы оқушыларға заманауи талаптарға сай білім алуға және жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа форматтағы білім ордасын қалыптастыруға бағытталған.
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында арнайы көрме ашылды. Экспозицияда қайраткердің музей ісін дамытудағы еңбегі мен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған қызметі көрсетілген. Көрмеге архивтік құжаттар, тарихи фотосуреттер және құнды жәдігерлер қойылды.
Түркістанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласын дамытуға қатысты бастамаларын жүзеге асыру және Тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған кеңейтілген мәжіліс өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжіліске аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, жоғары оқу орындарының өкілдері, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары, ардагер ұстаздар мен сала сарапшылары қатысты. Мазмұнды баяндамалар жасалып, мәселелер көтерілді және оны шешу жолдары қаралды. Өңірдегі білім сапасының қазіргі жағдайы сараланып, нақты міндеттер айқындалды.
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу – мектептегі жүйелі жұмысты талап ететін маңызды бағыт. Бұл ретте оқушымен жеке жұмыс жүргізу, профилактикалық кездесулер ұйымдастыру және ата-анамен байланыс орнату қатар жүреді. Төлеби ауданындағы №10 жалпы білім беретін мектепте осы бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілетінін анықтап қайттық.
Түркістанда спорт саласының қызметкерлеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылды. Жиында діни сауаттылықты арттыру, радикалды идеологияның алдын алу және экстремизмге қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды. Басқосуға сала мамандары мен жауапты мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Алтын Орда тарихын зерттеген белгілі француз тарихшысының еңбегі қазақ тілінде жарық көрді. Түркістанда Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» атты кітабының тұсаукесері өтіп, автор оқырманмен жүздесті.
Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – мектеп пен ата-анаға ортақ жауапкершілік. Әсіресе жасөспірімдік кезеңде оқушының бойында түрлі өзгерістер орын алып, оның психологиялық жағдайына ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстардың қалай жүргізіліп жатқанын білу үшін Төлеби ауданындағы №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы білім беретін мектепке барып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып қайттық.