Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастардың құқықтық сауатын арттыру және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта Түркістан қаласында облыстық жастар ұйымдарының көшбасшылары бас қосып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көшбасшы мектебі» семинарына қатысты. Жиын барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметтегі әдеп нормалары жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Жасөспірім кезеңіндегі бала көңіліндегі өзгерісті, ішкі дағдарыс пен күзелісті дер кезінде байқап, оған қолдау көрсету – бұл тек тәрбие емес, бала өмірін сақтап қалумен пара-пар жауапты жұмыс. Оқушының жан дүниесіне түсіністікпен қарап, суицидтік ойлар мен суицидалды мінез-құлықтың алдын алу, мәселесін ашық айтуына мүмкіндік беру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы бағыттағы суицидтің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын білу мақсатында Төлеби ауданындағы №3 П.Тәжібаева атындағы жалпы білім беретін мектепке арнайы барып, білім ордасының психологымен тілдестік.
Түркістанда жаңа оқу жылын бастаған студенттер үшін «Жарқын болашаққа қадам» атты салтанатты кеш өтті. Жас буынның қуанышын бөлісуге келген қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан студенттерді құттықтап, ақ жол тіледі.
Адам капиталын дамыту – заман талабы. Бүгінде еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті де бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде кәсіптік білім беретін оқу орындарының үлесі орасан. Солардың бірі де бірегейі – Түркістан қаласындағы жиырма жылға жуық тарихы бар «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі. Іргесі 2006 жылы қаланған бұл қара шаңырақ бүгінге дейін 2,5 мыңнан астам білікті маманды түлеп ұшырып, аймақ экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Қазіргі таңда білім ордасы заманауи бағыттармен қатар, медициналық мамандықтар бойынша да қолданбалы бакалавриат жүйесін енгізіп, сапалы білім берудің жаңа белесіне көтерілді. Толығырақ әріптесім баяндайды.
Бүгінгі таңда кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы ең басты талап – оқу мен өндірісті ұштастыру, яғни теорияны практикамен ұштастыра отырып, нақты жұмыс орнына дайын маман тәрбиелеу. Осы ретте Түркістан қаласындағы «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі дуальды оқыту жүйесін сәтті енгізіп, өңірдегі ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Бұдан бөлек, білім ордасы халықаралық деңгейде де танылып, Оңтүстік Кореяның беделді университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Тәжірибе мен ғылымды тоғыстырған оқу орнының сәтті қадамдары туралы келесі сюжетте.
Сонау өткен ғасырдың тереңінен тамыр тартып, мыңдаған шәкіртке қанат байлатқан киелі білім шаңырағы – Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі мерейлі 90 жылдық мерейтойын салтанатты түрде қарсы алып отыр. Тоғыз онжылдық бойы ұлт заманауи білікті мамандарды даярлап, кемелділіктің көкжиегінен көрінген бұл оқу ордасы – бүгінде аймақ экономикасы мен мәдениетінің басты қозғаушы күшіне айналған. Заман ағымына сай түлеп, ұлттық құндылық пен заманауи білімді ұштастырған қара шаңырақ мерейтойды толағай табыстармен, жаңа белестермен қарсы алуда.
Өңірде сапалы кәсіптік білім беріп, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісі қарқынды дамып келеді. Заманауи технологиялар мен жаңа талаптарға сай жастарды техникалық бағытқа баулып жатқан іргелі оқу орындарының бірі – Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжі. Сапалы білім беру жүйесі, заманауи база мен білікті оқытушылар құрамы туралы келесі бейнесюжетте.
Түркістан қаласында білім беру инфрақұрылымы қарқынды дамып, сапа жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бүгінде шаһарда апатты жағдайдағы немесе үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Оқушылар заманауи «Келешек мектептерінде» білім алып, жүз пайыз интернетпен қамтылған ортада оқуда. Жалпы білім берумен қатар, өңірде техникалық және кәсіптік маман даярлау ісі де оң жолға қойылған. Осы орайда, биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің тағылымы мен дуальды оқыту жүйесі туралы тілшіміз тарқатады.
Жасөспірімнің жан дүниесіндегі өзгерісті дер кезінде байқап, оған қажетті қолдау көрсету – мектептегі маңызды міндеттердің бірі. Әсіресе суицидтің алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Осы мақсатта Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласындағы №7 IT мектеп-лицейінің жұмысымен таныстық. Мұнда психологтар, мұғалімдер және басқа да мамандар оқушылардың психологиялық саулығын сақтауға бағытталған түрлі шараларды тұрақты ұйымдастырады. Басты назар – баланың мәселесін есту, түсіну және дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған.
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу – мектептегі жүйелі жұмысты талап ететін маңызды бағыт. Бұл ретте оқушымен жеке жұмыс жүргізу, профилактикалық кездесулер ұйымдастыру және ата-анамен байланыс орнату қатар жүреді. Төлеби ауданындағы №10 жалпы білім беретін мектепте осы бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілетінін анықтап қайттық.