Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы қарқынды түрде жалғасып жатыр. Осы бастама аясында өңірде – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Негізгі тазалық жұмыстары Қаратау жотасының етегінде орналасқан Ащысай елді мекенінде ұйымдастырылып, оған 4 мыңнан астам азамат жұмылды.
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жергілікті тұрғындар өз кәсібін өркендетіп келеді. Мемлекет берген жеңілдетілген несиенің игілігін көрген тұрғын нан және жартылай дайын өнім өндірісін жолға қойып, ауылдастарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде
Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар бас қосып, Мемлекет басшысының бастамаларын талқылады. Жиында Президенттің жолдаулары мен үндеулері негізінде жарық көрген «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты кітаптың мазмұны мен маңыздылығы сөз болды.
Ясауи клиникасында ауқымды қайырымдылық шарасы өтіп, онда 100-ден астам бала тегін сүндеттелді. Операциялық үстелге жатқызылған бүлдіршіннің тура төбесіне арнайы монитор орнатылып, қолына ойын рөлі ұстатылды. Бүлдіршіндер экрандағы қызықты автожарысқа толықтай еніп, виртуалды көлікті басқарумен әлек болып жатқан сәтте, білікті хирургтар сүндеттеу процедурасын байқатпай әрі мүлдем ауырсынусыз аяқтады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің клиникасы кезекті рет әлеуметтік жауапкершілігі жоғары ауқымды қайырымдылық акциясын өткізді. Игі бастама аясында 100-ден астам бүлдіршінге тегін сүндетке отырғызу отасы жасалып, ондаған отбасының қуанышы артты.
Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – табиғи аумақтарды тұрмыстық қалдықтан тазарту, су көздерінің айналасын абаттандыру және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана, кәсіпкер Нұрсұлу Батырбекова осыдан бес жыл бұрын үй жағдайында бастаған кәсібін бүгінде шағын өндіріске айналдырған. Балаларының денсаулығына алаңдаған ана құрамында зиянды қоспалары жоқ, табиғи әрі сапалы өнім әзірлеуді қолға алған. Қазір оның «Адал үй шұжығы» брендімен дайындалатын өнімдеріне қала тұрғындарынан бөлек, өзге өңірлерде де сұраныс жоғары.
Түркістан қаласында мемлекеттік рәміздерді пайдалану, орналастыру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған облыстық семинар өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің жауапты мамандары қатысып, рәміздерді қолдану тәртібі мен белгіленген талаптарды сақтау мәселелерін талқылады.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына биыл 35 жыл. Осыған орай Кентау қаласындағы С.Қожанов атындағы орталық саябақта «Ел үшін туған ерлер» атты еске алу шарасы өтті. Жиынға ардагерлер, қоғам өкілдері мен қала тұрғындары қатысып, полигон зардабынан қаза болған азаматтарды еске алды.
Түркістан қаласында ұлттық өнерді ұлықтаған «Бабалар рухы үн қатты» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы мәресіне жетті. Қалалық мәдениет үйінде өткен дүбірлі додада өңірдің әр ауданынан келген 13 өнерпаз бақ сынасты. Екі кезең бойынша өнер көрсеткен жас дарындардың тартысты бәйгесі туралы келесі сюжетте.