15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – САНАЛЫ БОЛАШАҚ

«Адал азамат» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының реформалары аясында мектептерде жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын сіңіруге басымдық беріліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында да жүйелі түрде жүзеге асуда.

ЗАҢДЫ БІЛУ — ҚАУІПСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

Туристік маусым қызған шақта табиғат аясындағы қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Осыған байланысты Түркістан қаласындағы Turan Mall ойын-сауық орталығында тұрғындар мен демалушыларға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған көшпелі акция ұйымдастырылды. Шара барысында азаматтарға заң талаптары түсіндіріліп қана қоймай, туристік нысандарда қауіпсіздік ережелерін сақтау, табиғатқа жауапкершілікпен қарау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне де назар аударылды.

КЕНТАУДАҒЫ ОТАНДЫҚ ТРАНСФОРМАТОР ӨНДІРІСІ

Электр энергиясын өндірумен қатар, оны тұтынушыға тұрақты әрі қауіпсіз жеткізу үшін сенімді инфрақұрылым қажет. Оның маңызды бөлігінің бірі – трансформаторлар. Осындай электр техникалық жабдықтар 1959 жылдан бері Кентау қаласында өндіріліп келеді. Кентау трансформатор зауыты бүгінде отандық электр машина жасау саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда энергетика саласына қажетті түрлі трансформаторлар мен электр жабдықтары шығарылады.

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – САНАЛЫ БОЛАШАҚ

«Адал азамат» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының реформалары аясында мектептерде жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын сіңіруге басымдық беріліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында да жүйелі түрде жүзеге асуда.

ҚАРНАҚТА ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ашылған бұл нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Жаңа бекет заманауи талаптарға сай жабдықталып, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін күшейтеді.

КЕНТАУДА «АСАРЛАТУ» ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Асарлату» тазалық шарасы ұйымдастырылды. Басты мақсат – тұрғындардың аула тазалығына деген жауапкершілігін арттырып, көршілік ынтымақтастықты нығайту. Игі бастамаға қала әкімі бастаған мекеме басшылары, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

ТҮРКІСТАНДА 610 БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Түркістанда тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ауқымды шараға 30-ға жуық мекеме мен ұйым қатысып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 610 бос жұмыс орнын ұсынды.

САПАЛЫ БІЛІМ — САНАЛЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ

Білім сапасы – ел болашағының берік негізі. Бүгінде заманауи технология мен жаңа әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне тиімді енгізу – білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта Кентау қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №24 жалпы білім беретін мектепте оқушыларға сапалы білім мен қолайлы орта қалыптастыруға басымдық берілген.

АУЫЛДАН — ЭКСПОРТҚА

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында басталған шағын тігін кәсібі бүгінде медициналық киім өндіретін кәсіпорынға айналған. «Medical Style» цехы медицина қызметкерлеріне арналған 25 түрлі форма тігеді. Өнімге деген сұраныстың артуы өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген.

КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелері таныстырылды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған пресс-тур ұйымдастырып, журналистерге қаржылық қолдауға ие болған бірқатар жобаның жұмысын көрсетті. Бүгінде қордың қолдау құралдары арқылы кәсіпкерлер өндірісін кеңейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашып, түрлі салаға қажетті мамандарды даярлауға да мүмкіндік алып отыр.