15 Ноя 2026, Вс

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – САНАЛЫ БОЛАШАҚ

«Адал азамат» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарының біріне айналды. Мемлекет басшысының реформалары аясында мектептерде жас ұрпаққа адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен заңға құрмет құндылықтарын сіңіруге басымдық беріліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында да жүйелі түрде жүзеге асуда.