15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

ЗАМАНАУИ ЕМНІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Түркістан тарихи-мәдени мұраларымен қатар, заманауи медициналық мүмкіндіктері дамып келе жатқан өңір. Қаладағы медициналық ұйымдарда тұрғындарға ғана емес, еліміздің өзге өңірлерінен және шетелден келетін пациенттерге де жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Соның бірі Түркістан қалалық орталық ауруханасы.

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Жасанды интеллект, цифрлық технология және жаңа медиа – бүгінгі ақпарат кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналды. Осы бағыттағы тың мүмкіндіктерді таныстыру мақсатында Кентау қаласында «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ

Түркістан төрінде жасөспірімдер арасында халықаралық бокс турнирі өтті. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылған дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен және көршілес Қырғыз Республикасынан 400-ден астам жас спортшы жиналды. Жас былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда өзара мықтыны анықтап, спорттағы шеберліктерін шыңдап жатыр.

ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖІГЕРІН ШЫҢДАҒАН МЕКТЕП

Спорт салауатты өмір салтының негізі ғана емес, жас ұрпақтың бойына тәртіп пен табандылықты қалыптастыратын үлкен мектеп. Әсіресе, баланың бала кезінен спортқа қызығушылығын арттырып, оның қабілетін шыңдау болашаққа жасалған маңызды қадам. Қазіргі тағда жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізіп, өз мүмкіндігін сынауына жағдай жасап отырған білім ордаларының бірі жайлы толығырақ алдағы сюжетте.

КІТАПХАНА – РУХАНИЯТ ОРДАСЫ

Кітапхана – білім мен мәдениеттің, руханият пен тағылымның тоғысқан мекені. Шалдар ауылындағы кітапхана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Мұнда жас оқырмандардан бастап, аға буын өкілдеріне дейін өзіне қажетті әдебиетті тауып, білімін толықтыра алады. Толығырақ алдағы сюжетте.

ШАХМАТ — ОЙ ҰШҚЫРЛЫҒЫН ШЫҢДАЙТЫН ЗИЯТКЕРЛІК ӨНЕР

Шалдар ауылындағы мәдениет үйінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалған. Мұнда өнер мен спортты ғана емес, баланың зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер де жұмыс істейді. Соның бірі — шахмат үйірмесі. Тақта басындағы бұл ойын баланы жай ғана жарысқа дайындамайды. Ол өрендерді ойланып әрекет етуге, әр қадамын саралауға, сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға баулиды. Бүгінде ауыл балалары шахматтың қыр-сырын меңгеріп, өзара тәжірибе алмасып, бос уақыттарын пайдалы іске арнап жүр.

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ӨРЕНДЕР

Шалдар ауылындағы мәдениет үйінде өнерге ынталы жастардың басын қосқан музыка үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда жас өнерпаздар ән айтып қана қоймай, музыканың қыр-сырын меңгеріп, сахна мәдениетін қалыптастырады. Әр сабақ — баланың бойындағы талантты танып, оны дамытуға жасалған бір қадам. Біз ауылдағы музыка үйірмесінің жұмысына арнайы тоқталып, шәкірттерге өнер үйретіп жүрген ұстазбен тілдесіп қайттық.

ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАН АУЫЛ

Бәйдібек ауданындағы Шалдар ауылында өнер мен мәдениетке ерекше мән берілген. Мұндағы мәдениет үйі — ауыл тұрғындарының басын қосып, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін шыңдайтын маңызды рухани орталық. Қазір мұнда түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істеп, өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Музыкадан бастап балетке, шахмат пен спортқа дейінгі үйірмелер ауыл балаларының қызығушылығын арттырып, олардың жаңа қырларын ашуға мүмкіндік беріп отыр.

КЕНТАУДАҒЫ ОТАНДЫҚ ТРАНСФОРМАТОР ӨНДІРІСІ

Электр энергиясын өндірумен қатар, оны тұтынушыға тұрақты әрі қауіпсіз жеткізу үшін сенімді инфрақұрылым қажет. Оның маңызды бөлігінің бірі – трансформаторлар. Осындай электр техникалық жабдықтар 1959 жылдан бері Кентау қаласында өндіріліп келеді. Кентау трансформатор зауыты бүгінде отандық электр машина жасау саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Мұнда энергетика саласына қажетті түрлі трансформаторлар мен электр жабдықтары шығарылады.