15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

КЕНТАУДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Кентау қаласында өңірдегі спортты дамыту бағытындағы жұмыстар ауқымды. Соның нәтижесі күніне орай өткен үстел теннисінен «KENTAU CUP» ашық турнирінде айқын көрініс тапты. Спорттық додаға үстел теннисіне қызығушылық танытқан қатысушылар жиналып, өзара шеберлік пен ептіліктерін сынауда. Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және тұрғындардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру.

ҮЙДЕН БАСТАЛҒАН КӘСІП — ТАБЫСТЫ ІСКЕ ҰЛҒАСТЫ

Кентау қаласында кәсіпкерлікпен айналысып, өз өнімін тұтынушыларға ұсынып жүрген жандардың бірі – Ләйла Камал. Кәсіпкер үй жағдайында түрлі жартылай дайын тағамдарды дайындап, өнімдерін «Ләйла» атауымен шығарады. Толығарақ тілші материалында.

КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Кәсіпкерлікті дамыту Кентау қаласындағы маңызды бағыттардың бірі. Сол себепті өз кәсібін дамытып жүрген азаматтардың қатары да артып келеді. Солардың бірі – мемлекеттік гранттың қолдауына ие болып, шығармашылық бағыттағы кәсібін бастаған кәсіпкер Эльнора Шаханова.

«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Түркістанда 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Respublica» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі бастама аясында Түркістан қаласы мен Сауран ауданында тұратын 10-ға жуық ақсақал мен ақ жаулықты әжеге сый-сияпат табысталды.

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ ОЗАДЫ

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан қаласында «Құрмет. Сүйіспеншілік. Алғыс» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараға қаладағы ардагерлер мен ақсақалдар, аға буын өкілдері қатысып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ СӘТТІ БАСТАУ АЛДЫ

Түркістанда «Woosong Kazakhstan» халықаралық университетінің жаңа оқу корпусына капсула салынды. Мемлекет басшысының елімізде әлемдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу тапсырмасы аясында қолға алынған жоба өңірдің білім беру әлеуетін арттырмақ. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, саланы өркендеткен ардагерлер мен жастар қатысты.

ТҮРКІСТАНДА КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан облысында Комплаенс офицерлер мен Әдеп жөніндегі уәкілдерге арналған «Комплаенс-функция: ашықтық, есептілік және тиімді басқару» тақырыбындағы облыстық форум өз мәресіне жетті. Ауқымды шара Түркістан қаласындағы еңселі «Фараб» кітапханасында ұйымдастырылды.

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын арттыру – халықпен тиімді байланыс орнатудың маңызды тетігі. Осы бағытта Түркістан қалалық орталық ауруханасында кезекті «Қызмет алушылар күні» шарасы өтті. Кездесу барысында тұрғындар денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау салалары бойынша мамандарға өз сауалдарын жолдап, тиісті түсіндірмелер алды.

ОТБАСЫ — ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Түркістан қалалық мәдениет үйінде «Отбасы – ұлттың тірегі» облыстық байқауы өтті. Шара барысында отбасы құндылықтары дәріптеліп, ұлттық салт-дәстүр мен тағамдар кеңінен таныстырылды. КТМ:Байқау аясында қатысушылар ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырып, қазақ дастарханының ерекшелігін таныстырды. Көрмеге бауырсақ, құрт, ірімшік және басқа да дәстүрлі тағамдар қойылды. Әр отбасы өздерінің дайындаған ұлттық тағамдарын таныстырып, олардың жасалу жолы мен маңызын түсіндірді.

АУЫЛ СПОРТЫНА ҚОЛДАУ

Түркістан облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылдан бері өңірде жалпы құны 20 миллиард 375 миллион теңгеден астам қаражатқа 25 жоба іске асырылды. Бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.