15 Ноя 2026, Вс

Түркістан жаңалықтары

Құрметті Түркістан облысының кәсіпкерлері және тұрғындары!

Сіздерді 7 қазан күні сағат 14:00-ден 16:30-ға дейін «Достық үйінде» өтетін «Даму» қорының Ашық есік күніне шақырамыз! Іс-шара барысында бизнеске бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттары бойынша толық ақпарат ала аласыздар. Сондай-ақ кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, екінші деңгейлі банктер, «Атамекен» палатасы және кәсіпкерлікке қатысы бар мекемелердің мамандарынан тікелей кеңес ала аласыздар. Бұл – бизнесіңізге қатысты маңызды сұрақтарға бір жерде жауап алуға тамаша мүмкіндік!

Мекенжайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 28-көше, №429, «Достық үйі».

Сіздерді Ашық есік күнінде күтемін!

ҰЛЫ АБАЙ – ТАҒЫЛЫМ ЖАЛҒАСТЫҒЫ

Түркістанда ұлы ойшыл Абай мұрасын дәріптеуге арналған «Ұлы Абай – тағылым жалғастығы» атты танымдық-шығармашылық байқау өтті. Бұл рухани іс-шара қаланың Құрметті азаматы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықовтың 75 жылдық мерейтойына орайластырылған. Зияткерлік сайыс «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» марафоны аясында ұйымдастырылып отыр.

ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨРМЕСІ

Кентау қаласы Түркістан облысындағы өзіндік орны бар, маңызды қалалардың бірі. Өңірде әртүрлі салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, күні кеше Кентау қаласының күніне орай өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде жергілікті кәсіпкерлердің өндірістік тауарлары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен дайын бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

ЖАҢА МОДУЛЬДІ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында жаңа модульді спорт залы ашылды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен бой көтерген бұл нысан Теректі ауылының жастарына үлкен сый болды. Енді ауыл өрендері спорттың бірнеше түрімен шұғылданып, шеберліктерін шыңдауға толық мүмкіндік алды. Қуанышты сәтке біздің түсірілім тобы да куә болып қайтты.

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ — МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Кәсіп бастауға ниет бар, ал оны жүзеге асыруға мүмкіндік керек. Кентауда өз ісін ашқысы келетін жастарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.  Мансап орталығы азаматтарға грантқа қатысу тәртібін түсіндіріп қана қоймай, бизнес-жобасын дайындау мен құжаттарын рәсімдеуге дейін бағыт-бағдар беруде.

КӘСІПКЕР АУЫЛ ӨНІМДЕРІН ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҰСЫНУДА

Кентау өңірінде кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласында оң өзгерістер көп. Ауылдың ақ қаймағы, құрт-ірімшігі мен табиғи сүт өнімдері – дастарханның берекесі. Кентау қаласының күніне орай өткен көрмеде кәсіпкерлер осындай ұлттық әрі табиғи өнімдерін көпшілікке ұсынды. Солардың бірі – ауыл өнімдерін жинақтап, қала тұрғындарына ұсынып жүрген кәсіпкер Юлдуз Касимова. Толығырақ алдағы сюжеттен көріңіз.

КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Кентау қаласының күніне орай шаһарда мерекелік шара ұйымдастырылды. Тарихы терең, еңбек адамдары мен талай талантты түлеткен кеншілер қаласының айтулы күні көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала әкімі Жандос Тасов, тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.

КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАФОН ӨТТІ

Кентау қаласының күніне орай шаһарда бұқаралық спортты насихаттау, өңірдегі спорт саласын дамытуға бағытталған мерекелік марафон өтті. Спорттық шараға қала тұрғындары, жастар мен спортсүйер қауым қатысып, өзара бақ сынады. Марафонның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

КЕНТАУЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Кентау білімді, спортшы, өнерлі жастардың басын қосқан өңір. Соның жарқын дәлелі қала күніне орай ұйымдастырылған шаралар барысында жергілікті өнертапқыштардың ұсынған еңбегі болды.  Толығырақ алдағы сюжетте.

КӘСІП БАСТАУҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІК

Кентау қаласында мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін дамытып отырған кәсіпкерлер бар. Солардың бірі – шұжық өнімдерін өндіретін кәсіпкер Бақыт Ибраев. Ол мемлекеттік грантқа ие болып, өндірісін дамытуға мүмкіндік алған.