Түркістан облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржыландыруымен ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатыр. 2022 жылдан бері өңірде жалпы құны 20 миллиард 375 миллион теңгеден астам қаражатқа 25 жоба іске асырылды. Бастамалар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.
Ақпараттық порталы

