15 Ноя 2026, Вс

ҰЛТ МҰРАСЫ — КӨРМЕ ТӨРІНДЕ

Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында арнайы көрме ашылды. Экспозицияда қайраткердің музей ісін дамытудағы еңбегі мен тарихи-мәдени мұраны сақтауға бағытталған қызметі көрсетілген. Көрмеге архивтік құжаттар, тарихи фотосуреттер және құнды жәдігерлер қойылды.