15 Ноя 2026, Вс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысының дерматовенерологиялық қызметінің тарихы бір ғасырға жуық уақытты қамтиды. Мерейлі датаға орай Түркістан қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Басқосуда отандық және шетелдік мамандар саладағы жетістіктер мен алдағы міндеттерді ортаға салды.