15 Ноя 2026, Вс

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Бала – болашақтың бастауы. Ал сол баланың бойына білім мен тәрбиенің алғашқы дәнін себетін орын – балабақша. Киелі Түркістан төрінде қырық жылдан бері бүлдіршіндерге тәрбие мен білім беріп келе жатқан – «Әлия» бөбекжай-балабақшасы.Бүгінде 10 топта 250 бүлдіршін тәрбиеленіп, 30 педагог еңбек ететін мекеме үшін әр баланың жан-жақты дамуы – басты міндет.