15 Ноя 2026, Вс

ТУРИЗМ САЛАСЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Түркістан облысында туризм саласын дамыту жұмыстары жаңа бағытқа бет бұрды. Енді өңірдің туристік әлеуетін тек тарихи және зиярат орындарымен шектемей, табиғи, экологиялық, ауылдық және гастрономиялық бағыттармен ұштастыру көзделіп отыр. Бұл туралы брифингте сала мамандары мәлімдеді.