Жаңа оқу жылына дайындық аяқталды! Тараз қаласында биыл 115 білім беру ұйымы оқушыларды құшақ жая қарсы алуға сақадай сай. Шаһардағы 80 мемлекеттік мектептің табалдырығын болжам бойынша 8 мың 312 бала алғаш рет аттап, 1-сыныпқа қабылданады. Білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, оқу процесін сапалы жүргізуге барлық жағдай жасалған.
Ақпараттық порталы

