21 Апр 2026, Вт

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Тараз қаласының Жібек жолы ауданында жастарға арналған маңызды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Ақбұлым алабының мәдениет үйінде жастар форумы ұйымдастырылды. Форумның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық білімін арттыру, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік жасау.