21 Апр 2026, Вт

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУ

Тараз қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 2025 жылдың екінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарлары таныстырылды. Баспасөз конференциясында өңір экономикасын дамыту, инвестиция тарту, азық-түлік бағасын тұрақтандыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытында жүзеге асқан жобалар сөз болды.