Жамбыл облысындағы «Ақыртас» сарай кешенінде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті. Бұл іс-шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай ұйымдастырылды. Акцияға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әлі Алтай арнайы қатысып, бастаманың маңыздылығын атап өтті.

