21 Апр 2026, Вт

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Тараз төрінде таеквондодан жастар арасында өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерзат Ерасылды салтанатты түрде қарсы алды. Ташкентте өткен халықаралық додада жерлесіміз Қазақстан құрамасының қоржынына маңызды жүлдені салды. 16 жасар спортшы үшін бұл – әлемдік деңгейдегі тұңғыш сынақ. Ол 5 жекпе-жек өткізіп, Армения, Кот-д’Ивуар, Эквадор және Иран өкілдерін айқын басымдықпен жеңді. Тек жартылай финалда ғана Оман елінің спортшысына есе жіберді. 119 елден 1000-ға жуық спортшы бақ сынаған бәсекеде топ жару – үлкен мәртебе.