Жамбыл облысындағы спорт саласында маңызды оқиға орын алды. Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында жаңартылған футбол алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан Қазақстан Футбол Федерациясының «Alan» жобасы аясында толықтай жаңғыртылды. Салтанатты шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен Қазақстан Футбол Федерациясының Бас хатшысы Давид Лория, сондай-ақ, жергілікті спорт сүйер қауым мен жас спортшылар белсене қатысты.

