21 Апр 2026, Вт

ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Жамбыл облысында жас футболшылардың өсіп-жетілуіне тың серпін беретін заманауи футбол академиясының құрылысы басталды. Жаңа академияның іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Бас хатшысы Давид Лория және «Halyk» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысты.