21 Апр 2026, Вт

ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ

«Жеңіс» саябағында аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші жанында жылдағы дәстүр бойынша салтанатты  рәсім өтті. Күзгі шақырылым бойынша Тараз гарнизонының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы құрамына кіретін 400-ден астам мерзімді қызметтегі әскери қызметші Қазақстан Республикасына адал болуға ант берді.