Жапонияның Токио қаласында өткен XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғаған Жамбыл облысының спортшыларын салтанатты күтіп алу рәсімі өтті. Өңірдің 12 спортшысы 7 спорт түрінен бақ сынаған бұл додада дзюдошылар ел қоржынына бірнеше жарқын жүлде салды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы қатысты. Толығырақ алдағы сюжетте.

