15 Ноя 2026, Вс

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛУДЕ

Бүгін сонымен қатар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды брифинг өтті. Жиында өңірдегі 531 орта білім беру ұйымындағы 245 мыңнан астам оқушының биылғы оқу жылын қорытындылау нәтижелері сараланды. Атқарылған жұмыстардың көрсеткіші өте жоғары. Мәселен, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облысымыздың екі оқушысы ең жоғары нәтиже – 140 балл жинап, өңір мерейін асқақтатты.