15 Ноя 2026, Вс

ҚҰРБАН АЙТ – ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ

Қасиетті Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін ерекше рухани мереке. Бұл күндері қайырымдылық жасап, мұқтажға қол ұшын созу – үлкен сауап. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға сәйкес келеді. Айт намазы таңғы сағат 6:00-де оқылады. Құрбандық шалу үш күнге жалғасады. Таразда бұл жұмыстар арнайы бекітілген орындарда және онлайн форматта жүзеге асады.