15 Ноя 2026, Вс

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Меркі және Луговой гарнизондарындағы әскери бөлімдерде сарбаздарды әскери ант қабылдау рәсіміне дайындау қызу жүріп жатыр. Шара алдағы сенбіге жоспарланған. Күн сайын дайындық қарқыны күшейіп, бір ай бойы меңгерілген әскери машықтар жетілдірілуде. Мұның бәрі ата-аналары мен жақындарының алдында әскери антты абыроймен қабылдау үшін.