Түркістанда әйелдердің көшбасшылық әлеуетін өрістетуге арналған «TOMIRIS» ақпараттық-білім беру семинар-тренингі өтті. Жиында өңірдің саяси, әлеуметтік һәм экономикалық өміріне нәзік жандылардың қатысуын нығайту жолдары сөз болды.
Кентау қаласында зағип жандар арасында шахмат ойыны кеңінен дәріптеліп келеді. Ерекше жандарға арналған бұл спорт түрі арнайы Брайль үлгісіндегі тақтада ойналып, ойыншылар пішіндерді қолымен сезу арқылы жүріс жасайды. Қалада шахматқа қызығушылық танытқандардың қатары жылдан жылға көбейіп отыр. Осы бағытта жергілікті команданың капитаны Нұрлан Мелдібаев пен ойыншы Асан Мамаджанов ерекше белсенділік танытып жүр.
Кентау қаласының тумасы Мансұрбек Жұмабайұлы — пара жүзуден Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері. Ол — Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы әрі абсолютты жеңімпазы. Көз жанарынан айырылса да, жігерін жасыта алмаған спортшы он төрт жылдан бері суда еркін жүзудің сырын меңгеріп келеді. Ол Азия елдерінде ел намысын абыроймен қорғап, көк туды желбіретті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа шараларды таныстырды. Құжатта бірінші топтағы жандарға күтім жасайтын азаматтарға жеңілдік беру мәселесі кеңінен қамтылған. Осыған дейін көмектен тыс қалған мыңдаған адам енді жәрдемақыға ілігеді деп күтілуде. Балаларға арналған төлемдер де қайта қаралып, ауырлық деңгейіне қарай сараланатын болды.
Түркістан қаласының тұрғыны, көп балалы ана әрі үшінші топтағы мүгедек Бибіткүл Оразбекова өзінің жеке кәсібін ашуға табандылықпен ұмтылған жан. Бұған дейін мемлекеттік қызметте және балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген ол балалар тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу үшін жеке кәсіп бастауға бел буған. Алайда кәсіп бастау жолында оған екі рет грант бұйырмай, талай кедергіден өтті. Соған қарамастан, еш мойымай үшінші мүмкіндікке тағы өтініш беріп, бағы жанып, грант қаражатын ұтып алды.
Түркістан қаласының тұрғыны, ІІІ топтағы мүгедек Ислам Аликулов әлеуметтік грант арқылы өз кәсібін ашты. Ол Мансап орталығының қолдауымен арнайы бағдарламаға қатысып, комиссияның оң шешімімен грант иегері атанған. Грант қаражатына ол өз үйінің гаражында шағын көлік жөндеу шеберханасын іске қосты. Жастайынан әкесінен үйренген кәсіп бүгінде оның күнкөрісіне айналып отыр.
Таңғы қаланың көгіне жаңа ғана шапағатын шашқан күн сығалай көтерілгенде, диспетчерлік орталықтың жарығы әлдеқашан жанып тұрған. Сол жарықтың дәл ортасында — Мадина. Бір қарағанда, тыныш отырған жұмысшы секілді көрінгенімен, оның жан дүниесі тұтас бір әлем еді.
Кентау қаласы әкімдігінің Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы – қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, әлеуметтік қиындықтарға душар болған әрбір азаматқа көмек көрсетуге арналған маңызды мекеме. Бұл орталық қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өмір сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс атқарады.
Алпыс жастың асуына шығар шақ – көп адам үшін ой тоқтатып, өткенге көз жүгіртетін кезең. Ал Раушан Шмирова үшін бұл белес жаңа тыныс, жаңа мүмкіндік, жаңа белеңдердің бастауы болды. 3 топ мүгедегі болса да, ол өмірге биіктен қарап, әр күнін мәнді өткізуге тырысатын қайсар жан. Өмір жолына үңілсең, қажыр мен төзімнің, талпыныс пен табандылықтың көркем өрнегі көз алдыңа келеді.
Кентау қаласының тыныш таңында күн сәулесі жерге жұмсақ қона бастағанда, Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ауласынан әрдайым байыпты, жылы жүзімен ерекшеленетін бір жан көзге түседі. Ол – зейнеткер Дәмегүл Дабылова. Жасымен емес, жүрек кеңдігімен, көргені мен көңілге түйгенімен қадірлі тұлға.