9 Май 2026, Сб

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЕҢІЛДІКТЕР

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа шараларды таныстырды. Құжатта бірінші топтағы жандарға күтім жасайтын азаматтарға жеңілдік беру мәселесі кеңінен қамтылған. Осыған дейін көмектен тыс қалған мыңдаған адам енді жәрдемақыға ілігеді деп күтілуде. Балаларға арналған төлемдер де қайта қаралып, ауырлық деңгейіне қарай сараланатын болды.