Түркістан өңірінде жаңа бизнес-идеяларды қолдауға арналған мемлекеттік гранттарды қабылдау жұмысы басталды. 2025 жылдың 20 қазанынан бастап Business.enbek порталында өтінім толтыру мүмкіндігі ашылып, аймақта кәсіп ашамын деген азаматтарға зор мүмкіндік ұсынылып отыр. Гранттар қайтарымсыз негізде беріліп, бастамашыл жандарға өз ісін жолға қоюға қолдау көрсетеді. Бағдарлама әсіресе әлеуметтік санаттағы азаматтарға бағытталған.
Қарнақ ауылында кішкентай спортшылар үшін арнайы еркін күрес залы жұмыс істейді. Қазіргі таңда залда шамамен 60 бала тұрақты түрде жаттығуда. Олардың арасында болашақта жоғары деңгейде өнер көрсетуге үмітті спортшылар бар.Айта кету керек, осы спортшылардың бірі қазіргі таңда «Спорт шеберіне үміткер» атанған.
Кентау қаласы әкімдігі Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымы үшін тек кәсіби қызметпен шектелу жеткіліксіз. Ұжымдық рухты көтеру, қызметкерлер арасындағы ынтымақ пен командалық сезімді нығайту үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Солардың бірі – орталық мамандары арасында өткен спорттық эстафеталық сайыс. Бұл шара қызметкерлердің бір-бірін жақсырақ тануына, өзара қолдау мен сенімнің артуына, сондай-ақ денсаулық пен белсенділікті дәріптеуге арналған ерекше мереке болды.
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату, «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Ережесіне өзгерістер енгізу туралы және басқа да мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде Зұлпыхар Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
Түркістан қаласында жас мемлекеттікқызметшілерге арналған форум өтіп, онда адалдық пен отаншылдық құндылықтарыкеңінен дәріптелді. Жиынға құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардаеңбек етіп жүрген жас мамандар қатысты.
Кентауқаласында тұратын Айгүл Ражапова өзінің мүгедектігіне қарамастан, өмірге дегенжігерін жоғалтпай еңбек етіп жүрген жан. Ол жергілікті тігін цехында тігіншініңкөмекшісі болып жұмыс істейді және күнделікті тіршілікте қолынан келгенінаянбай атқарады. Айгүлдің табандылығы мен еңбекке деген адалдығы көп адамғаүлгі болып отыр. Оның өмір жолы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да сенімсыйлап, жігер береді.
Түркістан қаласында «Заң ментәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында «Білімді жастар – ел ертеңі» форумыаясында белсенді жастар марапатталды. Шарада «Таза Қазақстан» бағдарламасынаерекше үлес қосқан еріктілерге алғыс білдіріліп, экологиялық мәдениеттінығайтудың маңызы айтылды.
Ақмарал Бейсенова – табандылығы мен еңбекқорлығымен ерекшеленетін өмір жолы күрделі,бірақ жігері мықты әйел. 3-топ мүгедектігі бар болғанына қарамастан, ол өзінәлсіз сезінуге ешқашан жол бермеген. Керісінше, қиындықтарды жеңуге шақырғанөмір сынақтары Ақмаралды бұрынғыдан да қайсар, мақсатшыл, өз еңбегімен отбасымен қоғамға пайдасын тигізуге ұмтылатын жанға айналдырды.
Бағила Жақыпбекова –жасы қырыққа келген мейірімі мол, жан дүниесі бай, ерекше жандардың бірі. Ол –тағдырдың салған сынақтарына мойымай, өмірді шексіз сүйе білген қайсар әйел.Көз көру қабілеті әлсірегеніне қарамастан, Бағила өзіне ұнаған салада еңбекетіп, қоғамға пайдасын тигізуді басты мақсаты санайды.
Кентау қаласында тұратын 59 жастағытігінші Зибагүл Жақыпова мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, талмай еңбекетіп келеді. Ол жергілікті тігін цехында жұмыс істеп, өз өнерін көпшіліккекөрсетіп жүр. Зибагүл апаның тіршіліктегі қайсарлығы талайға үлгі боларлық. Ол«Көзқарас» қоғамдық қорының белсенді мүшесі ретінде өмірге деген құштарлығынжоғалтпай, өз ортасын тапқан жан.