Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы қызмет көрсететін Самғау оңалту орталығы қазіргі таңда тек физикалық денсаулықты қалпына келтірумен шектелмей, олардың әлеуметтік өмірге белсенді араласуына, күнделікті іс-әрекеттерін өз бетінше орындауына бағытталған кешенді бағдарламаларды ұсынады. Орталықта ұсынылатын ең маңызды бағыттардың бірі – қол моторикасын дамытуға арналған арнайы жаттығулар мен құрылғылар.
Самғау оңалту орталығы ашылған күннен бастап өз ісіне адал, шығармашылыққа жаны жақын, білгенін өзгеге үйретуден жалықпайтын маман – Ақмарал Ұнтуғанова еңбек нұсқаушысы қызметін абыроймен атқарып келеді. Ол үшін бұл – жай ғана жұмыс емес, ерекше қажеттіліктері бар жандарға жаңа мүмкіндік сыйлайтын орта, олардың бойындағы жасырын қабілеттерді оятып, қоғамға еркін бейімделуіне жол ашатын үлкен мектеп.
Түркістанда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Білім берудегі көшбасшы бағдары» өңірлік басқару интенсиві өтуде. Шараға Түркістан облысындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 762 директоры қатысып, білім беру жүйесіндегі басшылықтың жаңа тәсілдерін талқылауда.
Түркістанда түркі тілдес елдердің «Turkestan Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шара. Көрмеге түркі елдерінің баспа ұйымдары, қаламгерлер, аудармашылар мен әдеби қауым өкілдері қатысуда.
Бүгін Конгресс Холл көпсалалы кешенінде облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және «Шығармашыл жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қайырымды іс – жан азығы» акциясы аясында облыста қайырымдылық істерімен көзге түскен азаматтарды марапаттау салтанаты өтті.
Түркістандағы Фараб кітапханасында жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Қаламгердің құрметіне ашылған арнайы залда өткен жиында оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат» атты жаңа жинақтың тұсауы салтанатты түрде шешілді. Әріптестері адамдық болмысын, әдебиетке сіңірген еңбегін атап өтіп, «тұсауды кеспей, тұсауды шешеді» деген өзіне тән болмысын да еске алды.
Түркістан облысының Ораңғай елді мекеніндегі «Самғау» оңалту орталығында 69 жастағы Қалдарбек Жолдыбекұлы ем қабылдап жатыр. Инсульт алған қария орталық мамандарының көмегімен шипа тауып, жағдайының түзелгенін айтады.
Бүгін Түркістанда тұрғындарға қолжетімді бағадағы әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесіұйымдастырылды. Облыс орталығында дәстүрлі түрде өткізілетін бұл шараға өңірдіңбірнеше ауданынан шаруалар мен жергілікті кәсіпкерлер өнімдерін алып келді.Саудада ет-сүт өнімдері, картоп, пияз, сәбіз және күнделікті қажет азық-түлікнарықтағы бағадан 30–50 пайызға төмен сатылды. Осындай жәрмеңкелер тұрғындардыңотбасылық бюджетін үнемдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірлік экономикағаоң әсер етіп, бағаның тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар,«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бекіткен кестеге сай, келесіжәрмеңке осы айдың 28-і күні қала секторларының бірінде жалғаспақ.
Түркістан облысында өрт пен газдан улануқаупін азайту үшін рейдтік іс-шаралар күшейтілді. Арнайы топтар мен газинспекциясы бірлесіп, тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылапотыр.
Түркістанда бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңір экономикасының тұрақтылығынсақтау бағытындағы шаралар жалғасып келеді.Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімді болуы — тұрғындардыңтұрмыстық шығынын азайту мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудіңнегізгі факторларының бірі. Түсірілімтобы әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңкелерге барып, баға деңгейін, тұрғындардыңсұранысын, сондай-ақ экономикалық тұрақтылыққа әсер ететін іс-шараларды көріпқайтты. Қала экономикасына оң әсерін тигізетін бұл шаралар тұрғындар үшінөнімнің қолжетімділігін арттырып, кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға жағдай жасамақ.