21 Апр 2026, Вт

«МАҚАМЫ БӨЛЕК МАРХАБАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Түркістандағы Фараб кітапханасында жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Қаламгердің құрметіне ашылған арнайы залда өткен жиында оның өмірі мен шығармашылығына арналған «Мақамы бөлек Мархабат» атты жаңа жинақтың тұсауы салтанатты түрде шешілді. Әріптестері адамдық болмысын, әдебиетке сіңірген еңбегін атап өтіп, «тұсауды кеспей, тұсауды шешеді» деген өзіне тән болмысын да еске алды.