21 Апр 2026, Вт

«TURKESTAN BOOK FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Түркістанда түркі тілдес елдердің «Turkestan Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шара. Көрмеге түркі елдерінің баспа ұйымдары, қаламгерлер, аудармашылар мен әдеби қауым өкілдері қатысуда.