Түркістанда облыс әкімдігі, прокуратура, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бірлесіп «Заң мен тәртіп – қоғам негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиында өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және пробация есебіндегі азаматтарды қолдау мәселелері талқыланды.
ҚР Мемлекеттік Туы – бұл біздің тәуелсіздігіміздің, елдігіміздің ең ұлы нышаны. Көк аспанымыздағы қыран мен күннің символын бейнелеген көрнекті суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Көрнекті суретшінің мұрасын дәріптеу мақсатында Тараз қаласында ауқымды іс-шаралар легі өтті. Толығырақ алдағы сюжетте.
Түркістан өңірінде жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту жұмысы бұрынғыдан да жандана түсті. Биылдың өзінде 72 жас түлек конкурстан тыс қабылданып, жергілікті кадр әлеуеті нығайып келеді.
Түркістанда бала амандығына қатысты көкейде жүрген сауалдарға тәжірибелі психологтар онлайн форматта жауап берді. Бұл басқосу «Қауіпсіз балалық шақ» жобасының аясында өткізілген іс-шараның жалғасы болды.
Түркістан өңірінде соңғы жылдары жайылым алқаптарының мемлекет меншігіне қайтарылуы қарқын алуда. Бұл жұмыс ауыл-аймақтың игілігі үшін жүзеге асырылып, жердің тиімді пайдаланылуына жол ашып отыр.
Түркістан өңіріндегі биылғы жылыту маусымы тәртіппен өтіп жатыр. Қазандықтар белгіленген мөлшерде жұмыс істеп, өңір басшылығы бұл мәселені үнемі назарында ұстап келеді. Тиісті жауаптыларға қажетті міндеттерді нақтылап берді.
Түркістанда ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған AGROFEST TÚRKISTAN – 2025 мерекелік шарасы өтті. Фестивальге өңірдің барлық аудандарынан шаруа қожалықтары, агроөндіріс кәсіпорындары және сала мамандары қатысып, өз өнімдерін көпшілікке таныстырды. Шара барысында жәрмеңке, көрме ұйымдастырылып, ауыл еңбеккерлерінің бір жылдық жетістіктері паш етілді. Мерекелік жиында облыс басшылығы, саланың жауапты өкілдері сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан үздік мамандарды марапаттады. Біздің тілшілер оқиға орнынан толық мәліметпен танысып қайтты.
Төлеби ауданындағы балалар үйіне қолдау көрсетілді. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету, олардың қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына үлес қосу және құқықтық мәдениетті дәріптеу. Қайырымдылық шарасы барысында департамент қызметкерлері балалармен еркін әрі жылы жүзді кездесу өткізіп, олардың күнделікті өмірі мен қызығушылықтарына қатысты тақырыптарда әңгімелесті.
Бүгін Департаменттың ұйымдастыруымен қаладағы 33 жалпы білім беру мектебінде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Тексеріс барысында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдай, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және білім беру үдерісінің тиімділігі қаралды. Бақылау тобы мектептердегі қолжетімділік талаптарының орындалуын бағалап, өз ұсыныстарын берді.
Кентау қаласында ел айбынын арттыруға бағытталған мазмұнды басқосу ұйымдастырылды. Жиында жас буынның отансүйгіштік рухын күшейту мен азаматтық борыштың мәнін терең түсіндіру басты арқау болды. Басшылық өкілдері мен әскери сала мамандары жастарға ақыл-тағылымын айтып, ел қорғаудың қасиетті міндет екенін тарқатты.