ТҮРКІСТАНДА ҚЫСҚЫ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қыс маусымына дайындық барысын барлап, коммуналдық мекемелердің жұмыс алаңдарын аралап шықты.
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қыс маусымына дайындық барысын барлап, коммуналдық мекемелердің жұмыс алаңдарын аралап шықты.
Түркістан өңірінде биылғы су үлесін әділ бөлу мәселесі арнайы жиында талқыланды. Вегетация кезеңінде күтілетін судың азаюына байланысты ылғалсүйгіш дақылдарға қойылар лимит те қайта қаралды.
Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков өңірдегі кәсіпкерлік ахуалды талқылау үшін аудан кәсіпкерлерімен кездесті.
Түркістан қаласындағы Көпсалалы индустриялды-техникалық колледжде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жиын өтті. Шараны қалалық жастар ресурстық орталығы мен полиция қызметкерлері бірлесе ұйымдастырды.
Департамент жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді. Ведомствоаралық жұмыс тобының басты мақсаты азаматтардың сұрауларына жауап беретін, мемлекет пен қоғам қатынастарының сервистік, проактивті моделін көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру және қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласында азаматтарды толғандыратын өзекті проблемаларды анықтау және шешу.
Түркістандағы №31 Абай Құнанбайұлының атындағы мектепте бүгін тағылымы терең іс-шара өтті. Ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойын қорыта отырып, оқу ордасында жаңа кабинеттердің шымылдығы ашылды.
Фараб кітапханасында Бас редактор, Созақ ауданының «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Қаршығабек Қамбарбек ұсынатын «Аңыз бен ақиқат» және «Жаңғырық» атты тарихи-танымдық, әдеби-көркем журналдарының ресми таныстырылымы өтті.
Түркістан шаһарында жаңа кәсіп орны бой көтеріп, өңірдің өрісін кеңейтті. Бекзат мөлтек ауданындағы индустрия аймағында орын тепкен бұл өндіріс тәулік бойы толастамай жұмыс істеп тұр.
Түркістанда Ұлы дала ой-тұжырымын, көне құқық дәстүрін терең талдауға арналған халықаралық басқосу өз шымылдығын түрді. Бұл жиын түркі жұртының арға сүйенген әділет жолын, билер тағылымын және дала мәдениетінің құқықтық мәнін саралауға бағытталды.
Түркістанда облыс әкімдігі, прокуратура, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бірлесіп «Заң мен тәртіп – қоғам негізі» атты дөңгелек үстел өткізді. Жиында өңірдегі қоғамдық қауіпсіздік, қылмыстың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және пробация есебіндегі азаматтарды қолдау мәселелері талқыланды.