Түркістанда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ағаш егу акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасының аясында өткізіліп, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруды көздейді.
Түркістан шаһарындағы Фараб кітапханасында ел рухын асқақтатар патриоттық ән сайысы ұйымдастырылды. Шараға өңірдің түрлі саласында қызмет етіп жүрген ардагерлер мен жас өнерпаздар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Түркістан облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен Төлеби ауданы мен Арыс қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Түркістанға екі күндік сапармен келді.
Түркістан қаласында бұқаралық спорттың көкжиегі кеңейіп, жаңа спорт кешендерінің салынуы жасөспірімдерге үлкен мүмкіндік ашып отыр. Қала аумағында үш бірдей заманауи спорт нысаны бой көтеріп, оның бірі әлемге әйгілі спорт саңлағы Әбдісалан Нұрмахановтың есімімен аталды.
Шамшиддин Айметов — еңбектің қадірін балалық шағынан сезініп өскен, ісіне адалдығын айнымай сақтай білген түркістандық кәсіпкер. Ол алғаш жеке кәсібін бастағанда қолында үлкен қаражат та, дайын цех та болған жоқ. Алайда оның бойындағы табандылық, ісіне деген шынайы сүйіспеншілік пен адал еңбекке деген сенім оны алға жетеледі.
Түркістан қаласындағы Төлеген Диметов көшесі толықтай жаңғыртудан өтіп, жаңа асфальт төселіп, халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала аумағындағы 32 көшеде жол жабындысы жаңартылып, заманауи жарық шамдар орнатылды.
Түркістан қаласында «Бақытты балалық шақ» атты қалалық жиын өтті. Іс-шарада балалардың тәрбиесі, олардың жарқын болашағы және ұлттық тәрбиенің маңызы кеңінен сөз болды. Жиын барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігі, отбасындағы тәлім-тәрбие мен көне өнегенің мәні ерекше атап өтілді.
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ӨНДІРІС КӨЗІН КӨБЕЙТУ МЕН ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫ ГҮЛДЕНДІРУ ІСІ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ. ЖАҢА ЖОБАЛАР ЛЕГІ АРТЫП, АЙМАҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЫНЫСЫ КЕҢЕЙІП ОТЫР.
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ СУБСИДИЯ БӨЛУ ІСІ ЖАҢА ТӘРТІППЕН РЕТТЕЛІП, ХАЛЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ. ҚАРЖЫЛАЙ ДЕМЕУ ЕҢ АЛДЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ ӘЛСІЗ ОТБАСЫЛАР МЕН ШАҒЫН КӘСІП ИЕЛЕРІНЕ БАҒЫТТАЛУДА.
Түркістанда шағын әрі орта кәсіптің тамыры тереңдеп, жаңа мүмкіндіктер өріс жайып келеді. Қалада іскерлік рухты көтерген бастамалар көбейіп, ел игілігіне қызмет қылар жобалар қатар толығуда.