10 Май 2026, Вс

Uncategorized

КЕНТАУДА ЗАҒИПТАР КҮНІ ЕРЕКШЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Кентау қаласында зағиптар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Сахна төрінде өнер көрсеткен қатысушылар жүрек жылуын көрерменге жеткізе білді.
Бұл күн — өмірге деген құштарлық пен рухтың биіктігін паш еткен ерекше мереке болды.

МАЙТАЛМАН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылорда қаласында «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Салтанатты кеште түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандары марапатталды. Шараға қала әкімі Нұржан Ахатов пен қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты.

КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ – КЕЛЕР ҰРПАҚ КЕПІЛІ

Келес ауданында бірнеше мектептер жобасы аясында жаңа білім ошағы ел игілігіне берілді. 600 орынға арналған мектеп заманауи үлгіде жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған.

ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ЕРЕКШЕ БАЛА

Түркістан қаласында тұратын 15 жастағы Нышанәлі Еркінбекұлы – мүмкіндігі шектеулі болса да, ерекше өнерімен көптің ықыласына бөленіп жүрген жас талант. Ол сурет салып, өлең айтып, аниме мен тарихи сериалдарға қызығады. Осындай дарынды балалардың табандылығы мен шығармашылық ізденісі өзгелерге үлгі.

ТҮРКІСТАНДА «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласы әкім аппаратына қарасты азаматтарды қабылдау орталығында қызмет алушылар күні өтті. Шараның мақсаты – тұрғындардың сұрақтарына жедел жауап беру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайту.

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА БҰЙЫРҒАН БАҚЫТ МЕКЕНІ

Бала күлкісі – әлемдегі ең әдемі әуен, ең таза қуаныш. Үш жыл бойы жеті жүзден аса ерекше баланың жүрегіне шаттық ұялатқан, арманын жүзеге асырып келе жатқан «Армандар орындалады» жобасы өз игі дәстүрін жалғастыруда. Бұл жолы қуаныш сыйлаған жоба Түркістан қаласында өтті. Міне, бүгін осынау мейірім мен ізгілікке толы бастама аясында 34-ші рет қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың өмірге деген сенімін арттыру, қоғамдағы өз орнын сезінуге мүмкіндік беру. Бұл күн балалар мен ата-аналар үшін естен кетпес, жүректерінде жылы естелік болып қалары сөзсіз.

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАЛАРЫ САЙЛАУАЛДЫ УӘДЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН БАЯНДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы аудандық мәслихат төрағаларының есеп беру дәстүрін қайта жаңғыртты. Брифинг барысында Отырар, Жетісай және Мақтаарал аудандарының мәслихат өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары алдында сайлауалды уәделердің орындалуы мен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Түркістанда Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев «Еңбек мобильділігі орталығы» мен Түркістан қалалық мансап орталығының жұмысымен танысты. Сапар барысында қызмет көрсету сапасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай және халыққа ақпараттық қолжетімділікті арттыру мәселелері қаралды.

13 СОТТАЛУШЫНЫҢ ЖАҚЫНДАРЫ ӘДІЛДІКТІ ТАЛАП ЕТІП ОТЫР

Өткен жылдың қыркүйек айында Леңгір қаласындағы №55 түзеу мекемесінде орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты 13 адамға 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда сотталушылардың туыстары мен қорғаушылары бұл үкіммен келіспей, облыстық апелляциялық сотқа шағым түсірді. Шешіммен келіспейтідігін ашық айтуда.