15 Ноя 2026, Вс

Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістанда Жастар орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында қолөнер жәрмеңкесі өтті. Шара барысында жас шеберлер өз туындыларын көпшілікке ұсынып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін танытты. Көрме-жәрмеңке қатысушыларға ерекше шабыт пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

КЕНТАУ МУЗЕЙІ МӘДЕНИЕТ ПЕН ТАРИХТЫҢ ТОҒЫСҚАН ТҰҒЫРЫ

Кентау қалалық музейі – бұл шаһардың өткенін бүгінмен жалғап тұрған рухани орда. Мұнда күн сайын түрлі буын өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары келіп, тарихтың тереңіне бойлайды.Бұл музей тек жәдігерлер қоймасы ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел тарихын танытатын білім мен руханият орталығы болып отыр.

ТҮРКІСТАНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЯСЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ РЕЙД ӨТТІ

Қала әкімінің орынбасарының қатысуымен өткен рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары пысықталды. Мамандар тұрғындарды тұрмыстық құралдарды пайдалану кезінде сақ болуға және төтенше жағдайдың алдын алуға шақырды.

ТҮРКІСТАН МЕН САМАРҚАНД ТУРИСТІК СЕРІКТЕСТІК ЖАЙЫНДА КЕЛІСТІ

Түркістан мен Самарқанд облыстары туризмді бірлесе дамыту туралы меморандумға қол қойды. Келісім Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында жүзеге асты. Бұл құжат екі өңір арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

ТҮРКІСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ХИУАНЫҢ ТАРИХИ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңірлік делегацияның Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары жалғасып жатыр. Сапардың мақсаты – туризм және өзге де салалар бойынша әріптестік орнату, тәжірибе алмасу. Делегация Хорезм облысында келіссөздер жүргізіп, Хиуа қаласындағы тарихи нысандарды аралады.

ЕРІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ – МҰХАМЕДӘЛИ ҚҰРАЛБЕК

«Самғау» оңалту орталығының тәжірибелі қызметкері Мұхамедәли Сәбитұлы Құралбек – өмір сынағына мойымай, қайсарлықтың, табандылықтың және адал еңбектің айқын үлгісін көрсетіп жүрген жан. Көру қабілетінен айырылу – кез келген адам үшін үлкен сынақ. Алайда Мұхамедәли мырза бұл қиындыққа берілмей, өз жолын таба білді. Ол «Самғау» орталығында кәсіби массаж маманы ретінде қызмет етіп, көптеген адамның денсаулығын қалпына келтіруге, өмірге деген сенімін арттыруға көмектесіп келеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Жетісай ауданында өз ісін бастаған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Соның бірі – Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің тұрғыны Мадияр Өтепберген. Ол «Мансап» орталығынан грант ұтып алып, қаржыны өз кәсібін ашуға жұмсаған. Үйінің ауласында шағын ағаш өңдеу цехын іске қосып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған.