Түркістан мен Самарқанд облыстары туризмді бірлесе дамыту туралы меморандумға қол қойды. Келісім Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Өзбекстанға жасаған жұмыс сапары аясында жүзеге асты. Бұл құжат екі өңір арасындағы тарихи, мәдени және экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
