10 Май 2026, Вс

Uncategorized

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК

Жетісай ауданында өз ісін бастаған жас кәсіпкерлер қатары артып келеді. Соның бірі – Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің тұрғыны Мадияр Өтепберген. Ол «Мансап» орталығынан грант ұтып алып, қаржыны өз кәсібін ашуға жұмсаған. Үйінің ауласында шағын ағаш өңдеу цехын іске қосып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған.

ЖАС ҰСТАЗДЫҢ ЖІГЕРЛІ ЖОЛЫ

Жетісай ауданында жастар практикасы аясында еңбек етіп жүрген жас маман — Бақтыкерей Әбдіраш. Ол 22 жастағы информатика пәнінің мұғалімі, мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құлшынысы ерекше. Ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған ол шәкірттеріне біліммен қатар, жігер мен сенім ұялатып жүр. Әріптестері оның еңбекқорлығын, сабырын және шәкіртпен тіл табыса білетін қасиетін жоғары бағалайды.

ТАҒДЫРҒА ТӘУЕКЕЛ ЕТКЕН ТАБАНДЫ АЗАМАТ

Жетісай ауданында мүмкіндігі шектеулі болса да еңбек етуден тайынбаған азаматтың өмірі көпке үлгі. Бақыткерей мырза жергілікті мешітте азаншы қызметін атқарып жүріп, бос уақытында жаңа кәсіп үйренуге бел буған. Мансап орталығы арқылы ол компьютерлік қызмет көрсетуді меңгеріп, бүгінде өз ісінің шеберіне айналып келеді. Еңбекке адалдық пен табандылықтың арқасында алғашқы клиенттері пайда болып, табыс көзі де артып отыр. Осындай еңбекқор жандардың мысалы елге жігер, ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

ЕҢБЕГІМЕН ӨМІРГЕ НҰР СЕПКЕН ЖАН

Өмірде сынақсыз адам жоқ. Бірі қиындыққа мойып, тоқтаса, енді бірі сол сынақтан қуат алып, биікке ұмтылады. Жетісай өңірінің тұрғыны Фархат Рузиев — дәл сондай жандардың бірі. Үшінші топ мүгедегі болса да, ол өмірге құлшынысын, еңбексүйгіштік қасиетін жоғалтпай, жаңа бастамаға батыл қадам жасап отыр.

ҚАҺАРМАНДЫЛЫҚ – ЕРЛІК ЕМЕС, ӨМІР САЛТЫ

Жетісай қаласына қарасты Жылысу ауылының таңғы таңы ерекше тыныштықпен атады. Бірақ сол тыныштықты алғаш бұзатын – сыпырғының сылдыры мен еңбектің үні. Бұл — Қаһраман Ешмұратовтың жаңа күнін бастағандағы әдеті. Елу бес жастағы Қаһраман ағамыз — өмірдің ащы-тұщысын көрген, тағдырдың талай сынағына төтеп берген азамат. Бір қолы жарақат алып, үшінші топ мүгедегі атанса да, ол бұл сынақты өз өмірінің шегіне айналдырған жоқ. Керісінше, қиындықты қайратқа айналдырып, қоғамға пайдасын тигізуге бел буды.

«ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ ӨТТІ

Іс-шара тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына арналды. Оның мақсаты – жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру. Салтанатты кеш мемлекеттік әнұранмен басталып, рухани серпін беріп, елге деген мақтаныш сезімін оятты.

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан облысында «25 қазан – Республика күніне» арналған «Республика жастары: Болашаққа бағдар – Елге қызмет!» атты облыстық жастар форумы өтті. Шараны Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛГЕ ҮЛГІ БОЛҒАН ЕРЕКШЕ ЖАНДАР

Созақ ауданының Шолаққорған ауылында өмірдің сынағына мойымай, өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген жандар бар. Солардың бірі – Бақыт Смахова. Ол бастаған тігін тобы бүгінде он екі адамды жұмыспен қамтып, отбасыларына тұрақты табыс әкеліп отыр. Олардың бәрі – ерекше жандар. Күнделікті өмірдегі қиындықтарға қарамастан, өз күшіне сеніп, еңбек арқылы өмірдің мәнін тапқан азаматтар.

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРГЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ГРАНТ

Түркістан облысының Арыс қаласында азаматтарға қайтарымсыз гранттар беріле бастады. Бағдарламаның басты мақсаты – жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Бұл бастама жұмыссыз азаматтарға, әлеуметтік санаттағы тұрғындарға өз кәсібін ашып, табыс көзіне ие болуға жол ашады.

ЖАНҒАЛИ — ЖҮРЕГІ МЫҚТЫ БАЛА

Күн сәулесі терезеден сығалап, ақ параққа түскен жарықта қарындаш сызығы жылжиды. Бұл — 13 жасар Жанғали Басымбек. Ол сурет салып отыр. Әр қимылы мұқият, әр сызығы мағыналы. Өйткені оның әр суреті – өзінің кішкентай әлемі, өз қиялы мен үмітінен құралған ерекше өмір парағы.