Түркістанқаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бекзатсекторының тұрғындарынан бастады. Кездесу барысында тұрғындар инфрақұрылым,қоғамдық көлік, ауыз су мен кәріз жүйесіне қатысты өз өтініштері менұсыныстарын жеткізді. Қала басшысы сұрақтарды тыңдап, жауапты салажетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Бүгін Түркістан қаласында облыстық қоғамдықдаму басқармасының қолдауымен және «Серпіліс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлттық рух – басты құндылық» тақырыбында ауқымды дөңгелек үстел өтті.
Қазақтың ұлт болып ұйысқанынан бері қолөнер — халықтың рухани байлығы мен мәдени айнасыболып келеді. Сол дәстүрдің жалғастығын бүгінгі күнде өз өмірімен өрнектеп кележатқан жандардың бірі — ерекше тағдырымен, жүрек жылуымен, шебер қолымен көптің сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген Гүлмира Маратқызы.
Кентауқаласының тумасы Мансұрбек Жұмабайұлы — пара жүзуден Азия ойындарының күмісжәне қола жүлдегері. Ол — Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы әріабсолютты жеңімпазы. Көз жанарынан айырылса да, жігерін жасыта алмаған спортшыон төрт жылдан бері суда еркін жүзудің сырын меңгеріп келеді. Ол Азия елдеріндеел намысын абыроймен қорғап, көк туды желбіретті.
Өміржолы күрес пен шабыттан, үміт пен еңбектен құралған киелі сапар десек, солсапардың ең нұрлы жолымен жүріп келе жатқан жанның бірі – Күләй Тәжіханқызы.Екінші топ мүгедегі бола тұра, ол өмірдің сынақтарына мойымаған, қайта солсынақтарды шабытқа айналдыра білген ерекше тұлға. Қолында домбырасы, жүрегіндежыры бар Күләй Тәжіханқызы – қазақ өнерінің нәзік үні мен рухани биігінайшықтап жүрген ақын әрі әнші.
Түркістанда мемлекеттік қызметтегі әдеп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Кездесуге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Дағыстанұлы қатысты. Ол мемлекеттік қызмет жүйесіндегі оң өзгерістер мен жаңа бастамалар туралы айтып берді.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы облыс тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу Өзбегәлі Жанбеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ұйымдастырылды. Кездесу барысында қала әкімі сектор бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Түркістан қаласы Иқаң ауылдық округіндегі көп салалы кәсіптік колледжде Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыруымен отбасылық толағай сайыс өтті.
Түркістан қаласындағы Шара Ниязов атындағы жалпы орта мектебінде Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып, ұстаздар арасында топтық спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Түркістанда Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен XXIX халықаралық турнир басталды. Дәстүрлі дода Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтуде. Биылғы жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің барлық өңірлерінен келген 420 жас балуан қатысуда.