Түркістан қаласында тұратын 15 жастағы Нышанәлі Еркінбекұлы – мүмкіндігі шектеулі болса да, ерекше өнерімен көптің ықыласына бөленіп жүрген жас талант. Ол сурет салып, өлең айтып, аниме мен тарихи сериалдарға қызығады. Осындай дарынды балалардың табандылығы мен шығармашылық ізденісі өзгелерге үлгі.
