Бала күлкісі – әлемдегі ең әдемі әуен, ең таза қуаныш. Үш жыл бойы жеті жүзден аса ерекше баланың жүрегіне шаттық ұялатқан, арманын жүзеге асырып келе жатқан «Армандар орындалады» жобасы өз игі дәстүрін жалғастыруда. Бұл жолы қуаныш сыйлаған жоба Түркістан қаласында өтті. Міне, бүгін осынау мейірім мен ізгілікке толы бастама аясында 34-ші рет қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ерекше балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың өмірге деген сенімін арттыру, қоғамдағы өз орнын сезінуге мүмкіндік беру. Бұл күн балалар мен ата-аналар үшін естен кетпес, жүректерінде жылы естелік болып қалары сөзсіз.
