21 Апр 2026, Вт

ЖАСТАРҒА БІЛІМ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

SERPIN WAY 2.0 керуені Сыр шаһарына келіп, талапкерлерге білім алу мүмкіндіктерін таныстырды. Қозыбаев университетінің бастамасымен жүзеге асқан жоба аясында жастарға гранттар, білім бағдарламалары және қос диплом мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Кездесу Абай атындағы мектепте өтіп, оған қаладағы бірнеше мектептің оқушылары қатысты.