Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде дәстүрлі «Студенттік ғылым – 2026» ХХVIII ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті. «Әлемді ғылым құтқарады – IV» ғылым айлығы аясында ұйымдастырылған ауқымды шарада студенттердің ғылыми жобалары мен инновациялық идеялары таныстырылды. Үздік жұмыстар көрмеге қойылып, жеңімпаздар марапатталды.

