21 Апр 2026, Вт

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда облысында экологиялық бағыттағы маңызды шара өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Таза Қазақстан” және “Адал азамат” жобалары аясында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты — су ресурстарын үнемдеу, табиғатты қорғау және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағытта оқушылар Сырдария өзенінің жағалауында сенбілік жұмыстарын жүргізді.