Тараз қаласындағы орталық Жеңіс саябағында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен біргеміз!» атты ауқымды іс-шара өтті. Ашық диалог алаңын Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдастырып, оған жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты.

