Меркі төрінде нағыз малсақ қауымның мерекесі өтті. Өңірде «БАЙСАРЫ-2026» аймақтық асыл тұқымды қойлар жәрмеңкесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Жамбыл облысынан бөлек, Түркістан мен Алматы өңірлерінен ең таңдаулы шаруалар жиналды. Олар баптап өсірген асыл тұқымды малдарын көпшілік назарына ұсынып, өзара тәжірибе алмасты.

