20 Апр 2026, Пн

НАУРЫЗ – ЖАУЫНГЕРЛІК РУХТА

Наурыз кезінде де «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты тау-егер полкінің жауынгерлік дайындығы тоқтамайды. Дегенмен сарбаздар күнделікті жаттығуларына мерекелік рух енгізудің жолын тапқан. Ол үшін тек үйреншікті әскери жаттығуларды жауынгерлік аттармен ұлттық ойындармен ұштастыру жеткілікті. Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні бұл жолы күш пен дәстүрдің нағыз көрмесіне айналды.